Бүгін ауданымызға қарасты Ақжал мен Ақшатау кенттерінің әкімдері кент тұрғындары алдында ІІІ тоқсан бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат - жоспарларымен бөлісті.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Е.Жаппар, аудандық мәслихат хатшысы С.Социал, аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев және ауданның сала басшылары қатысып, тұрғындар тілегіне құлақ асып, кент тұрғындары ұсыныстарын жеткізді. Ал, тұрғындардың жеке сауалдарына тиісті сала бөлім басшылары жауап беріп, әдеттегідей кейбір мәселелер жұмыс жоспарына алынды.
Сонымен қатар, аудан прокуроры кент тұрғындарына “Заң керуені” акциясының мақсаты мен маңызын түсіндіріп, бірқатар маңызды ақпараттарын жеткізді.
Кездесу соңында аудан басшысы мен аудан прокуроры кент тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.