ҮҢІРЕК, С.СЕЙФУЛЛИН, ӨСПЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ!

ҮҢІРЕК, С.СЕЙФУЛЛИН, ӨСПЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ!
Бүгін ауданымызға қарасты Үңірек, Өспен ауылдық округтері мен С.Сейфуллин кенті әкімдері ІІІ бойынша тұрғындар алдында есеп беру кездесулерін өткізіп, атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері мен аудан прокуроры Е.Жаппар, аудандық мәслихат хатшысы С.Социал қатысып, жергілікті елді – мекен тұрғындарының мәселелері бойынша сұрақ – жауап алмасты. Оның ішінде тұрғындар тарапынан жайылым жер алу, жедел жәрдем көлігінің қажеттілігі сынды мәселелер көтеріліп, оларға заңдылықтар аясында жауаптары берілді.
Айта кетейік, аталмыш кездесулерде аудан прокуроры жұртшылыққа “Заң керуені” акциясы аясында тұрғындарға ақпараттық - түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Акцияның маңызы мен мақсатына тоқталып, жергілікті жердегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту керек екендігін жеткізді. Кездесу соңында аудан басшысы мен аудан прокуроры азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдады. Туындаған барлық мәселелерге тиісті жауаптары беріліп, алдағы іс-шаралар жоспарына алынды.