
Жуырда ауданымызға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бастамасымен «Заң керуені» атты акция аясында ақпараттық топ мүшелері келді. Жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуды мақсат еткен шараға Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлері, сондай-ақ, облыстық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Айтулы шара барысында аудан тұрғындары түрлі сала бойынша өз мәселерін жеткізіп, маңызды мәліметтер алды.