Жұртшылыққа жергілікті ауыл әкімдері ІІІ тоқсан бойы атқарылған жұмыстарына тоқталып, алда тұрған мақсат – жоспарларымен бөлісті. Аталмыш кездесулерде аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Е.Жаппар және ауданның сала бөлім басшылары қатысып, көтерілген мәселелерге жауаптарын берді. Сонымен қатар, аудан прокуроры “Заң керуені” акциясы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға маңызды мәліметтерін жеткізді. Жиын барысында тұрғындар малға жайылым жер, медицина қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасы, ауылды аббаттандыру бағытында бірқатар сұрақтар мен ұсыныстарын жолдады. Айта кетейік аудан басшысы Жұмыскер ауылында жөндеу жұмыстарын жасап жатқан спорт кешеніне құрал-жабдықтары мен спорттық нұсқаушы бірлік штатын шешіп беретінін және алдағы жылы Төменгі Қайрақты ауылындағы саябақтың сыртқы қоршауын жасатуға жергілікті бюджеттен қаражат қарастырып беретінін жеткізсе, кейбір мәселелер алдағы жұмыс жоспарына алынды.
Кездесу соңында аудан басшысы мен аудан прокуроры тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оның ішінде «Заң керуені» акциясы аясында жұмысқа орналастыруды сұраған Кеншоқы ауылының азаматшасына, заңдылықтар аясында шешу жолдары түсіндіріліп, оң шешімін табатын болды.