ДӘРИЯ КЕНТІ, К.ПОЛЯНА ЖӘНЕ АҚОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ!

ДӘРИЯ КЕНТІ, К.ПОЛЯНА ЖӘНЕ АҚОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ!

Кеше ауданымызға қарасты Дәрия кенті, К.Поляна және Ақой ауылдық округтерінің әкімдері ІІІ тоқсан бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат - жоспарларымен бөлісті.Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Е.Жаппар, аудандық мәслихат хатшысы Е.Социал мен сала бөлім басшылары қатысты.Маңызды шарада Ақой ауылының тұрғындарына алдағы жылы тартылатын су жүйесі құрылыс құжаттарымен арнайы келген мердігерлер таныстырды.Сондай - ақ, есептік кездесулермен қатар “Заң керуені” акциясы да жүруде. Айтулы акция аясында аудан прокуроры тұрғындарға маңызды мәліметтер беріп, аталмыш акцияның мақсатын түсіндіруде.Сонымен қатар, кездесу соңында аудан басшысы өтініш - ұсыныстары бойынша жергілікті тұрғындармен жеке қабылдаулар өткізді.