Жасөспірімдер арасында ІІІ-республикалық ашық турнир өтті.

Жасөспірімдер  арасында ІІІ-республикалық ашық турнир өтті.
СПОРТ САҢЛАҒЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДҮБІРЛІ ДОДА!
Жуырда аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еліміздің спорт шебері, жерлесіміз Аманбаев Айдын Социалұлын еске алуға арналған дзюдодан 2007-2008 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында ІІІ-республикалық ашық турнир өтті. Аламшыш турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі М.Мұхтаров, ардагер спортшы, Айдын Социалұлының жаттықтырушысы Қ.Мусин, сыныптастары атынан Р.Базылов, сайыстың бас төрешісі дзюдодан ҚР еңбек сінірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі төреші, қазақ күресінен, самбодан , дзюдодан спорт шебері ҚР бірнеше дүркін түйе палуаны Қ.Абишевтер сөз сөйлеп, жылы лебіздері мен ескірмес естеліктерімен бөлісті. Осыдан кейін, Алматы, Қарағанды, Ұлытау облыстарының түкпір – түкпірінен келген 12 команда спортшылары 9 салмақ дәрежесінде бозкілемде өзара бақсынасты. Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен қаржылай сертификаттармен марапатталды. Айта кету керек, Айдын Социалұлы 1972 жылы 16 маусымда дүниеге келген, 1980 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 1990 жылы мектепті тәмамдады. 2006 жылы 23 қазанда дүниеден өтті, осы қысқа ғұмырында аудандық, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері атанып, қазақ күресінен спорт шебері атағына ие болды.