Бүгін ауданға қарасты Көктіңкөлі, Батық және Бұрма ауылдық округтерінің әкімдері тұрғындар алдында ІІІ тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары мен алда тұрған жоспарлары туралы есеп берді. Есептік кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Е.Жаппар, аудандық мәслихат хатшысы С.Социал, аудан әкімінің орынбасарлары және ауданның сала бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аталмыш кездесулер сұрақ-жауап форматында өтті. Сондай-ақ есеп беру кездесулермен қатар “Заң керуені” акциясы аясында аудан прокурорыда тұрғындарға заң жүйесі бойынша кеңес беріп, маңызды мәліметтер тоқталып өтті.
Сонымен қатар, жиын барысында тұрақты жұмыс сұраушы кейбір азаматтарға жұмыс тауып беруді аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына тапсырып, барлық мәселенің өз бақылауында болатынын жеткізді.
Есеп беру соңында аудан басшысы мен аудан прокуроры өзге де мәселелері бойынша тұрғындарды жеке қабылдады. Айта кету керек, жеке қабылдауға қатысқан ауыл тұрғынының көмірмен көмектесу туралы өтініші қабылдау барысында шешімін тапты.