Көпбалалы отбасыларға мерекелік көңіл күй сыйлады

Көпбалалы отбасыларға мерекелік көңіл күй сыйлады

Шет ауданындағы “Шаңырақ” орталығы жеке кәсіпкер ЖК “Бакаевпен”, Ахметова Гүлшара Қамиқызымен және аудандық кітапхана ұжымымен бірлесіп, көпбалалы отбасыларға 25 кг-дық ұн таратты. Орталық қызметкерлері Ләззат Арыстанбекова мен Салтанат Мағауияқызы “Шаңыраққа” жүгінген көпбалалы отбасыларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Қайырымды жандарға алғыс айтамыз.