ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.
 
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымыздағы әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында сала мамандарына атқарып отырған жұмыстарына алғыс білдіріп, жылы лебізін жеткізіп, өзара емін - еркін форматта пікір алмасты. Сонымен қатар, «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай биылғы жылы жақсы нәтижеге қол жеткізген бірқатар әлеуметтік қызметкерлер марапаттарға ие болды.