
Биылғы жылы ауданымызға қарасты Үңірек ауылы 90 жылдық торқалы тойын атап өткен болатын. Мерейтой аясында ауыл тұрғындарының игілігіне арналып көптеген айшықты істер атқарылды. Солардың бірі ауылдың орталығы Бейбітшілік көшесіндегі саябақ құрылысы. Жуырда 25 қазан - Республикасы күні мерекесі қарсаңында аталмыш саябақ құрылысы толықтай аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді.Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер "Шет Строй"ЖШС -і болды.