КІТАПХАНАШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ!

КІТАПХАНАШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ!
Бүгін аудандық мәдениет үйінде 24 қазан - Кітапханашылар күні мерекесіне арналған «KITAP – FEST. KITAPHANASHY – BEST» ІІ –ші дәстүрлі аудандық кітапханашылар фестивалі өтті. Аталмыш шараға аудан кітапханасына қарасты барлық ауыл, кент кітапханашылары мен сала ардагерлері, әкімдік өкілдері мен мен мекеме қызметкерлері, сондай – ақ кітапхана оқырмандары қатысты. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Р.Рысқалиұлы кітапханашыларды биылғы жылы тұңғыш рет атап өтілген кәсіби мерекелерімен құттықтап, бір топ кітапханашыға облыс, аудан әкімдерінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттарын табыстады. Сонымен бірге бірқатар қызметкерлер облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің марапаттарына ие болды. Шырайлы шарада кітапхананың жас оқырмандары мың бұралған би билеп, көпшілік қауым кітапханашылар дайындаған «Махаббат диалогы», «Күлше қыз күзгі бал кешінде», «Ержүрек, қайсар қызы қазақтың» атты кітап әлемі мен биылғы атаулы мерейтойларға байланысты көріністерді тамашалап, әуелеген әндер көрерменнің қошеметіне ие болды. Шара соңында кітапхана директоры М.Нурпеисова жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, кітапханашыларға биылғы жұмыс нәтижесі бойынша түрлі номинациялар мен естелік бағалы сыйлықтар табыстады. Дәстүрге айналған думанды шара кітапханашылардың орындауындағы «Кітапхана гимнімен» түйінделіп, көз тартатын әсем отшашуға ұласты.