МЕДИЦИНА АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

МЕДИЦИНА АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

Бүгінгі еліміздің мәртебелі мерекесі - Республика күнімен тұспа – тұс келіп отырған ауданымыздың денсаулық сақтау саласында қажырлы еңбек еткен Тілеутай Әнбияқызының 80 жылдық мерейтойымен аудан әкімінің орынбасары Р.Рысқалиұлы құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді.
Тілеутай Әнбияқызы - шежірелі Шет өлкесінде дүнеге келіп, Қарағанды мемлекеттік медицина институтында жоғары білім алған.
Өнегелі өмірін туған жерінде адам жанының арашашысы, қиын да құрметті мамандық медицина саласына арнады.
Ұзақ жылдар бойы ауданымыздағы орталық ауруханада балауса балғындарымыздың дәрігері болып зейнет жасына дейін жемісті еңбек етті. Мыңдаған сәбидің дертіне шипа тауып, өз кәсібіне деген адал ұстанымы мен ауданымыздағы халық депутаты ретінде қоғам игілігіне жасаған қомақты қолдаулары күні бүгінге дейін кейінгі буынға өшпес өнеге, көнермес тағылым болып келеді.Өз кезегінде мерейлі мерейтойымен құттықтап келіп жатқан әкімдік өкілдеріне қарт ана алғысын білдірді