REPUBLIC DAY CELEBRATED

REPUBLIC DAY CELEBRATED
Бүгін аудандық мәдениет үйінде 25 – қазан Республика күніне арналған «Қазақстаным – туған елім, ұлы өлкем!» атты салтанатты жиын өтті. Айтулы шарада аудан әкімі М.Мұхтаров барша тұрғындарды мәртебесі биік мемлекеттік мерекемен құттықтап, мән - маңызына тоқталып өтті. Сондай – ақ, аудан басшысы ауданымызда түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерге "Аманат" партиясы төрағасының Алғыс хаттарын және облыс, аудан әкімдерінің "Құрмет" грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.
Марапаттау рәсімінен кейін шырайлы шара аудандық мәдени – сауық орталығының өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласып, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.