КӨКПАРДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ӨТТІ!

КӨКПАРДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ӨТТІ!
Бүгін аудан орталығы Ақсу - Аюлы ауылында Республика күніне орай ұлттық спорт түрі көкпардан “Шет ауданы әкімінің кубогына" арналған Қарағанды облысы бойынша ашық турнир өтті. Шырайлы шараның ашылу салтанатына аудан әкімі М.Мұхтаров қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларға жылы лебізін білдірді. Сондай - ақ, жиналған қауым мен көкпаршыларға ауданымыздың ақсақалы Абитаев Берген бата берді.
Аталмыш жарыста Қарағанды облысының “Тұран Ел”, Ақтоғай ауданы Ақши ауылының “Ақши”, Шет ауданының “TAU” және “Бақ” командалары өзара бақ сынасты.
Ойын барысында командалық жүлделі 1 -орынды Қарағанды қаласынан келген "Тұран Ел" иеленсе, 2- орынды Шет ауданының "Бақ" командасының жігіттері алып, 3- орынды Ақтоғай ауданының атынан қатысқан Ақши командасы місе тұтты.
Ат пен шабандоздың сыналатын жері осы көкпар. Ойын тартысты әрі қызықты өтті. Барлық салым салынып, шабандоздар жүлдесіз қайтпады.
Осы орайда, көкпарды ұйымдастырып, демеушілік көрсеткен ауданымыздың елжанды азаматтарына және шараға арнайы келген командалар мен Ұлттық және ат спорт түрлерінен "Қайрат" балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Н.Шайхинға алғысымызды білдіреміз.