ОБЛЫСТЫҚ "ЖАС БАРЫС" ІРІКТЕУ ТУРНИРІ ӨТТІ!

ОБЛЫСТЫҚ "ЖАС БАРЫС" ІРІКТЕУ ТУРНИРІ ӨТТІ!

Кеше ауданымызға қарасты С.Сейфуллин кентінде қазақ күресінен кіші жасөспірімдер жасөспірімдер және жастар арасында "Жас Барыс" облыстық іріктеу турнирі өтті. Айтулы жарысқа облысымыздың 7 ауданы мен 9 қаласынан сайдың тасындай спортшылар арнайы келіп қатысты. Бозкілемде балуандардың бабы мен бағы сынға түскен дүбірлі додада біздің ауданымыздың спортшылары желтоқсан айында өтетін республикалық "Жас Барыс" турниріне 7 лицензия ұтып алды. Алдағы күндері республикалық турнирде өнер көрсететін спортшыларымызға сәттілік тілейміз!