Шет аудандық мәслихатының кезектен тыс 16-шы сессиясында депутаттардың ұсынысымен аудандық мәслихаттың 7 ші шақырылымының депутаты Социал Саят мәслихат хатшысы болып сайланды. Аудан әкімі Мұхит Сайлауұлы Мәслихат хатшысын жаңа лауазымға сайлануымен құттықтап, депутаттық корпус пен атқарушы органдар арасындағы жұмысты жандандыруына және алдағы қызметіне сәттілік пен табыс тіледі.
Саят Социал - 1975 жылы 6 маусымда Шет ауданы, Ақшатау совхозы, қазіргі Жарылғап батыр ауылында дүниеге келген. «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Ақшатау совхозы Ассоциациясының көлік жүргізушісі қызметінен бастап, 2003-2005 жылдары «Женет» шаруа қожалығының жетекшісі, 2005-2009 жылдары «Шетстрой» құрылыс компаниясы директорының орынбасары, 2010-2011 жылдары «АвтоБан» құрылыс компаниясының бөлімше басшысы, 2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін "ШетКоммунСервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының директоры қызметтерін атқарған.