
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында еліміздегі «19 қазан – Құтқарушылар күні» мерекесіне орай, ауданымыздың бір топ азаматтары аудан әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды. Өз өмірін қауіп – қатерге тігіп, әр түрлі техногендік, табиғи тосын апаттармен күресуде қызметтеріне адалдық танытып жүрген ардақты жандарды аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев кәсіби мерекелерімен құттықтап, адал атқарған қызметтік міндеттері үшін аудан әкімінің атынан алғысын білдірді. Сонымен қатар, әр түрлі кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алып, олармен күресуде ерекше көзге түскен ауылдық округтермен кент әкімдері және ерікті азаматтар марапатталды. Өрт сөндіру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, қатардағы жауынгерден офицер шеніне дейін жеткен М.Тұяқовты зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтады.