Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес, 2022 жылдың 16 қазаны күні ауданға қарасты С.Сейфуллин кентінің әкімі лауазымына ашық сайлау өтті. Тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы үміткерлер арасынан жоғары дауысқа Балғабек Аблай Күнжолұлы ие болып, осыған дейін атқарған әкімдік лауазымы міндетіне қайта кірісті.
Балғабек Аблай Күнжолұлы 1962 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы С.Сейфуллин кентінде дүниеге келген. 1988 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды поли-техникалық институтын «құрылыс және жол машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі уақытта Шет ауданының С.Сейфуллин кентінің әкімі болып қызмет атқарады.