ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!

Жуырда Армения елінің Ереван қаласында самбо күресінен жастар арасында әлем чемпионаты өткізілген болатын. Әлемнің түкпір – түкпірінен жүздеген білекті де жүректі балуандар бас қосқан байрақты бәсекеде жерлесіміз, Босаға ауылының тумасы Алдияр Каргулов 58 келі салмақта қарсыластарынан оқ бойы озық деп танылып, күміс жүлдеге ие болды. Алдиярды жаңа жеңісімен аудан халқы атынан шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.