
Жуырда ауданымызға қарасты Ақадыр кентіне Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.Алпысов арнайы жұмыс барысымен келді. Облыс әкімінің орынбасары сапар барысында биылғы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен кенттегі аурухана ғимаратына арналған күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Осыдан кейін, Ә.Ермеков атындағы тірек мектебінің қасынан жүргізіліп жатқан спортзал мен отқазандық құрылыстарын да аралап, жауапты басышлықтармен жүздесті. Кездесу барысында Ермек Амантайұлы жауапты мердігерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.