
Кеше Ақадыр кентінің 85 жылдық мерейтойы күні аталмыш елді мекенде 45 жыл бойы теміржол саласында қажырлы қызмет атқарған, теміржол саласының үздігі, құрметті теміржолшы Жұматаев Жақсылық Төлеуұлына арналған мемориалдық тақта ашылды. Ашылу салтанатына арналған жиынға облыс әкімінің орынбасары Е.Алпысов пен Жақсылық Жұматаевтың досы, отставкадағы генерал-майор М.Жаппаров, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Р.Әбдікеров пен аудан әкімі М.Мұхтаров сөз сөйлеп, ардақты сала ардагерінің өнегелі өмір жолына тоқталып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Жиын соңында марқұмның рухына тағзым ету мақсатында құран оқылып, дұға бағышталды.