
Кеше ауданымызға қарасты Ақадыр кентінің 85 жылдық мерейтойына арналған “Туған жерге мың тағзым” атты салтанатты жиын мен мерекелік шара өтті. Айтулы шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.Алпысов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Р.Әбдікеров пен Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров арнайы қатысып, кент тұрғындарын мерекемен құттықтап, тағылымды өлкенің өткен тарихы мен бүгінгі болашағын тілген тиек етісті. Жылы лебіздер мен құттықтаулардан кейін концерттік бағдарлама ұсынылып, көпшілік қауым елімізге танымал әншілер мен Қарағанды облыстық Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің “Арқа сазы” фальклорлық ансамблі өнерпаздарының өнерін тамашалады. Бұл күні ел азаматтарының демеушілігімен түрлі спорт сайыстарыда жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мереке соңы арнайы дайындаған отшашуға ұласты.