
Биыл "Балалар жылы" аясында ауданымызға қарасты бірқатар елді мекендерде балалар ойын алаңдары орнатылуда. Солардың бірі жуырда Мойынты кентінде балаларға арналған ойын алаңы салынып, көп игілігіне қолданысқа берілді. Балғындарға базарлық болған заманауи жасыл төсеніші бар ойын алаңының құрылысын мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жарияланған конкурс нәтижесінде ЖК "Дария" жүзеге асырды.Айта кету керек, бұл ағымдағы жылы аталмыш кентте орнатылып отырған екінші ойын алаңы.