Төтенше жағдай бөлім қызметкерлері дабыл қаққыш орнатуда

Төтенше жағдай бөлім қызметкерлері дабыл қаққыш орнатуда

Шет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органмен бірлесе жылу беру маусымының басталуына байланысты тұрғын үй секторларын аралауды жалғастыруда. Бұл шаралар жылыту маусымында өрттердің және көмірқышқыл газынан уланудың алдын алуға бағытталған, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін аудан әкімшілігі тарапынан көмірқышқыл газынан қорғану мақсатында 50 дана улы газға қарсы дабыл беретін датчиктер сатып алынып, орнатылуда. Жалпы аудан бойынша әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындарға 2018 жылдан бері 199 тұрғын үйге көмірқышқыл газынан қорғану мақсатында датчиктер орнатылды.