Ағымдағы жылдың 10 қазаны күні еліміздің Батыс өңірі Атырау қаласында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында республикалық чемпионаты өткен болатын. Қазақстанның 17 өңірінен сайдың тасындай 700 спортшы қатысқан дүбірлі додада жерлесіміз Дәртаев Айдын 82 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты.
Осы орайда, саңлақ спортшымызды кезекті жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта де биік белестерді бағындыруына тілектеспін!