Бекет ауылында жарық шамдар орнатылды

Бекет ауылында жарық шамдар орнатылды

Жуырда Шет ауданы Красная поляна ауылдық округіне қарасты Бекет ауылына жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы есебінен жалпы саны 70 дана бағана және 76 дана жарық шам орнатылды. Аталмыш жарықшамдарды орнатуға мемлекеттік конкурс аясында"Дауа" ЖШС-і жауапты болып, тиісті жұмыстарды атқарды. Сонымен қатар, аталмыш ауылда орналасқан “Шерубай-Су” кәсіпорыны осы орнатылған жарық шамдарының әрі қарайғы қызмет көрсету жұмыстарын атқарады. Қазіргі күнде, Бекет ауылының көшелері жарық шамдармен толығымен қамтылды.