Кеше ауданымызға қарасты Бұрма ауылының Жастар, Орталық және Бәйтерек көшелерінің бойына жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы есебінен жалпы саны 45 жарық шам орнатылды. Аталмыш жарықшамдарды орнатуға мемлекеттік конкурс аясында"КуанышСтройКаз" ЖШС-і жауапты болып, тиісті жұмыстарды атқарды. Сонымен қоса, Сарыарқа және Құрылысшылар көшелерінің дала жарық шамдары темір жол торабына қосылып, жаңадан 9 жарық шамдар ауыстырылып, сымдары тартылып күрделі жөндеуден өтті.