Мұғалімге көрсетілетін құрмет пен ізет ешқашан толастаған емес.Осыған орай бүгін аудандық мәдениет үйінде «Мұғалім – мектептің жүрегі» тақырыбы аясында мерекелік шара өтіп, аталмыш шараға ардагер ұстаздар мен білім әлеміне алғаш қадам басып отырған жас мамандарда қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары М.Жумкин құттықтау сөз сөйлеп, барлық ұстаздарға шынайы алғысын жеткізді. Сондай-ақ биылғы жылы кәсіби жетістіктерімен көзге түскен ұстаздар облыс және аудан әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапаттады. Бұл шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен С.Мұхаммеджанов атындағы музыкалық мектептің ұстаздары мен оқушылары жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.