
Жуырда Қарағанды облысы өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Аталмыш кездесу Шет ауданының әкімі М.Мұхтаровтың арнайы қатысуымен өтті. Қарағанды облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары А.Аскаров, қаржылық қолдау емес бөлімінің басшысы М.Касимова, Шет ауданы кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры О.Сейлбеков мемлекеттен беріліп жатқан қолдаулар, жеңілдетілген несиелер, грант, субсидия және лизингке техника алу туралы түсіндіріп өтті. Кәсіпкерлер шешімін таппай жүрген сұрақтарына заң аясында жауаптарын ала алды.