Аудан әкімі М.Мұхтаров облыстық «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ филиалының «ЖЕЛІЛІК» бөлімшесіндегі директордың телекоммуникация желілерін дамыту жөніндегі орынбасары А.Артықбаев пен жергілікті желіге техникалық қызмет көрсету орталығындағы цех басшысы С.Есжановты қабылдады.

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров облыстық «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ филиалының «ЖЕЛІЛІК» бөлімшесіндегі директордың телекоммуникация желілерін дамыту жөніндегі орынбасары А.Артықбаев пен жергілікті желіге техникалық қызмет көрсету орталығындағы цех басшысы С.Есжановты қабылдады.
Қабылдау барысында аудан басшысы ауданның бірқатар елді мекендеріне интернетпен қамту өзекті мәселе болып тұрғандығын айтып, оларды мүмкіндігінше жуық аралықта шешіп беруді сұрады. Оның ішінде қазіргі таңда Ортау, Талды, Ақбауыр елді мекендеріне интернет желісін қосу, Қармыс ауылына радио-мост орнату, Ақшатау кентін интернет желісімен толықтай қамту, Ақсу-Аюлы ауылының жаңадан салынған Жапақов және Жанқұтты би көшесіндегі үйлер мен Красная поляна ауылдық округіне қарасты Пикет ауылын кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету, Үңірек ауылына бір АТС қызметкері яғни, монтёр қажеттігі және «Қазақтелеком» АҚ-ы ғимараттарының сыртқы келбеттері архитектуралық талатарға сай емес екендігі айтылды. Өз кезегінде жауапты басшылық аудан әкімінің сұранысы бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстарды қолға алатындығын жеткізді.