"ЖАС БАРЫС" ЖАРЫСЫ ӨТТІ!

"ЖАС БАРЫС" ЖАРЫСЫ ӨТТІ!

Кеше ауданымызға қарасты С.Сейфуллин кентінде “Шет ауданының Жас Барысы” атты аудандық турнир өткізілді. Аталмыш байқауға 2002 - 2004 жылдары туған жастар, 2005-2006 жылғы жасөспірімдер мен 2007-2008 жылғы кіші жасөспірімдер қатысып, бозкілемде өзара бақсынасты. Нәтижесінде түрлі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған жас балуандар облыстық "Жас барыс" турниріне жолдама ұтып алды. Айта кетейік, облыстық турнир алдымыздағы 18-21 қазан арағында С.Сейфуллин кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтеді деп жоспарлануда.