ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАЛҒАСУДА!

ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАЛҒАСУДА!
Аудан аумағындағы өзекті мәселелердің бірі - аудандық маңыздағы автокөлік жолдарына жаңадан асфальт төсеу болып келеді.
Осы бағытта биылғы жылы ұлттық қор мен облыстық бюджеттен бөлінген қаржатқа аудандық маңыздағы Ақадыр кентінің шығыс айналма 5,5 шақырым автокөлік жолы орташа жөндеуден өткізіліп халыққа пайдалануға берілген болатын. Сонымен қатар, қазіргі таңда аудандық маңыздағы «56-разъезіне кіре беріс» 15 шақырым автокөлік жолының орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Екі жылға жоспарланған бұл жобаның бүгінгі күнге 7 шақырым жол бөлігіне ресайклер әдісімен жол негізі жасалып, асфальт жабыны төселді. Жұмыстардың толық аяқталуы келесі жылға жоспарлануда. Сондай - ақ, аталмыш жұмысты Шет ауданының ТКШ ЖК АЖ және ТИ бөлімі мемлекеттік мекемесі мемлекеттік конкурс жариялап, жеңімпаз атанған «Жаңа-Арқа-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген.