
Ауданға қарасты Ақадыр кентінде стрит- воркаут ойын алаңы жасалынып, пайдалануға берілді.
Заманауи ойын алаңын салу туралы шешім облыс әкімі Жеңіс Махмұдұлының Ақадыр кентіне жұмыс сапары барысында қолға алынған болатын. Қажетті спорт снарядтарын қоюға демеушілік көрсеткен Нұр-сұлтан қаласында орналасқан "Қамқор локомотив" компаниясының директоры Амиров Мұрат Мұхамедқазыұлы. 12 элементтен тұратын негізгі жұмыстарды "Ақадыр доңғалақ цехы" (Жұмағұлов А.С.) мен Атбасардағы "Электровоздарды жөндеу зауыты" ЖШС-і атқарды. Спорт алаңының құрлысына кентте орналасқан теміржол мекемелері (ШЧ, ПЧ, ЭЧ) де атсалысып, осы мекемелер жұмыскерлері бетон негізін құйып, төрт бұрышынан 4 жарық нүктелерін қойды.
Сондай-ақ, спорт алаңының табанын жасанды жабындымен қаптау мәселесіне аудан әкімі Мұхит Сайлауұлы қажетті мөлшерде қаражат бөліп, ол жұмысты "Ақадыр-сәулет" ЖШС (Мұқышев Ғ. А.) атқарып шықты.
Алдағы уақытта осы алаң темір шарбақпен қоршалып, келешекте де бірқатар жұмыстар жүргізілетін болады.