Жуырда үйі апаттық жағдайда тіркелген Ақсу - Аюлы ауылының тұрғыны, зейнеткер, көпбалалы ана Капуза Омарбекова баспаналы болды. 2017 жылдан бері үй кезегін күткен анаға ауданымыздағы «Тау» шаруа қожалығының жетекшісі Қанат Тусупбеков өз қаражатына үй сатып алып, табыстады.
Жаңа шаңыраққа ие болған отбасының қуанышында шек жоқ. Өздеріне осындай қолайлы баспана сатып берген атымтай жомарт азаматқа жүрекжарды алғысын білдірді.