ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ!

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ!

Жуырда Ақмола облысы, Көкшетау қаласында ұлттық спорт түрі аударыспақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Еліміздің түкпір - түкпірінен сайдың тасындай іріктелген спортшылар бас қосқан байрақты бәсекеде жерлесіміз Еңбекшіл ауылының тұрғыны, Нұрлан Асқарұлы күміс жүлдегер атанды. Нұрланды сайысқа баптаған Ақсу - Аюлы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Төлеуов Сағат. Осы орайда, жерлесімізді жүлделі орнымен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!