
Бүгін аудан әкіміның орынбасары Д.Карсембаев пен аудан прокуроры Е.Жаппар ауданға қарасты "Тектурмасские кварциты" ЖСШ кәсіпорнында арнайы жұмыс сапарымен болып, кәсіпорын басшылығы мен жұмыскерлермен кездесті. Кездесу барысында жұмыскерлердің еңбек жағдайларын біліп, еркін форматтағы сұрақ – жауап арқылы өзара пікір алмасты. Осыдан кейін, іс - сапар жалғасып, мұнда да “Шерубай-СУ” кәсіпорнының тыныс тіршілігімен танысып, өндіріс ұжымымен келелі кездесу өткізді. Екі кездесуде де аудан басшысының орынбасары мен аудан прокуроры кәсіпорын басшылықтарына жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсарту, жыл сайын жалақыны көтеру шараларын жүйелі жүзеге асыру қажеттігін және еңбек келісімі бойынша тәртібін атап өтті.