КӘСІПОРЫН ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ!

КӘСІПОРЫН ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ!

Жуырда аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембеав пен аудан прокуроры Е.Жаппар ауданға қарасты Шойынтас кенорнындағы “Металлтерминалсервис” ЖШС-де арнайы жұмыс сапарымен болып, кәсіпорын басшылығы мен жұмыскерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында жұмыскерлердің еңбек жағдайларымен танысып, олардың құқықтарының қорғалуы және қандай да бір мәселе туындаған жағдайда аудан әкімдігі мен прокуратураға хабарласуға болатындығы жеткізілді. Сондай-ақ, еркін форматта өткен бұл шарада кәсіпорын қызметкерлері тарапынан вагондардың жетіспеуі сынды сұрақтар туындады. Аталмыш шара бойынша хаттама толтырылып, жұмысшылар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер жұмыс жоспарына алынды.