
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудан прокуроры Е.Жаппар ауданға қарасты Алмалы кен орынын игеріп жатқан "Sary-Arka Copper Proccessing" ЖШС кәсіпорнында арнайы жұмыс сапарымен болып, кәсіпорын басшылығы мен жұмыскерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында жұмыскерлердің еңбек жағдайларымен танысып, олардың құқықтарының қорғалуы және қандай да бір мәселе туындаған жағдайда аудан әкімдігі мен прокуратураға хабарласуға болатындығы жеткізілді. Сондай-ақ, еркін форматта ашық пікір алмасқан шарада еңбеккерлер тарапынан мобильдік интернет қуаттылығын арттыру сынды тағы да басқа өтініштер айтылып, аудан әкімі өз кезегінде барлық мәселелердің назардан тыс қалмайтындығын және де оларды оң мақсатта шешу үшін тиісті органдарға ұсынылатынын айтып өтті.