АУЫЛДАРҒА ДАЛА ӨРТІНЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР БЕРІЛДІ!

АУЫЛДАРҒА ДАЛА ӨРТІНЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР БЕРІЛДІ!

Кеше ауданға қарасты Өспен, Ақшоқы, Ақсу-Аюлы және Көктіңкөлі ауылдық округтеріне дала өрттері уақытында пайдалануға арналған арнайы өрт сөндіру құрылғылары берілді. Жергілікті бюджет қаражатына алынған аталмыш құрылғыларды аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев ауылдық округтердің төтенше жағдайға жауапты мамандарына табыстады. Тілсіз жауды ауыздықтауға арналған құрылғы 1000 литрлік полиэтилен ыдыстан, жоғары қысымда су шашуға арналған автономды аппараттан тұрады. Заманауи құрылғының ерекшелігі оны жеңіл автокөлікке тіркеу арқылы тасымалдауға болады.Ал, көліктің жүруіне кедергі жерлерде 16 литрлік су толтырылған полиэтилен ыдысы бар арнайы қондырғысы пайдаланылады. Сондай – ақ, әкім орынбасары айтулы құрылғымен қатар, өрт сөндірушілерге арналған киімдер, багор, күректер, балта және брезенттер топтастырылған өрт сөндіргіш құрал – жабдықтар жиынтығын берді. Айта кетейік, аталмыш құрылғы мен құрал – жабдықтар ауылдық округтер аумағында дала өрті орын алған жағдайда өрт сөндіруші мобильді топтардың пайдалануына берілмек. Сонымен бірге, алдағы уақытта мұндай құрылғы түрін ауданымыздың өзге де елді мекендеріне сатып алу жоспарлануда.