
Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Оның ішінде ана тіліміз – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып отырған баға жетпес асыл мұрамыз.
Мемлекет басшысы «Қазақ тілі – қазақтың жаны! Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз»,- деп атап өткендей Қазақстан өзінің тәуелсіздік туын тіккен 30 жыл ішінде елімізде мемлекеттік тілдің жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді.
Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бағытындағы нәтижелі жұмыстардың арқасында халықтың тарихи жады қайта тіріліп, өшкені жанғандай, көше, жер-су, елді мекен атаулары араға қайта оралуда.
Бұл жұмыстар біздің ауданымызда да қарқынды түрде жүзеге асырыла беретін болады.
Олай болса, барша азаматтарды ғасырлар көшінің елге қалдырған ең ұлы аманаты – тіліміздің мерейін асқақтату жолында аянбай еңбек етуге шақырамын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын!
Құрметпен, Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров