Құрметті жерлестер! Ардақты ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

Құрметті жерлестер! Ардақты ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
Құрметті жерлестер! Ардақты ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына бар мүмкіндікті қарастыру біздің басты міндетіміз. Сол себепті жаңа заманға сай аудан мектептерін цифрлық білім беру ресурстарымен қамту, кең жолақты интернетке қосу және видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Шындығында ертеңгі күн бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланбақ.. Сондықтан ел ертеңінің жарқын болуына, сауатты да салауатты ұрпақ қалыптастыруда мемлекет үшін білім саласы қашан да маңызды болып қала бермек.
Биылғы оқу жылында аудан бойынша 742 оқушы 1 сыныпқа барып, мектеп табалдырығын аттап отыр. Балауса балғындардын алғаш аттаған қадамдарына құтты болсын айтамын! Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс тілеймін. Білімді де білікті ұл - қыздарымыз көбейіп, еліміздің мерейі үстем болсын!
Құрметпен, Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров