
ЕЛ ТҰҒЫРЫ - АТА ЗАҢ!
Жуырда аудан орталығындағы мәдениет үйінде еліміздегі мемлекеттік мереке - Конституция күніне орай, «Ел тұғыры – Ата заң» атты салтанатты шара өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров қатысып, барша тұрғындарды меркемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ аудан басшысы әр салада жемісті еңбек етіп жүрген бір топ аудан азаматтарына облыс және аудан әкімінің "Құрмет грамотасы" мен Алғыс хаттарын салтанатты жағдайда табыс етті. Марапаттау рәсімінің соңы аудандық мәдениет үйі мен Қали Байжанов атындағы өнер ордаларының концерттік бағдарламаларына ұласты.