
ЖАҢА ЕМХАНА ХАЛЫҚҚА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Ауданымызға қарасты Сәкен Сейфуллин кентінде. Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында жеке меншік «Шипагер мед» емханасы салтанатты түрде ашылып, халықтың игілігіне берілді. "Шипагер - мед" емханасының лентасын аудан әкімінің орынбасары Р.Рыскалиұлы мен А.Қалмағамбетова киып, ақ жаулықты әжелер шашу шашып, мәдениет үйінің жанынан құрылған көркем өнерпаздар ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Жалпы денсаулық сақтау саласын нығайту – басты міндеттердің бірі.
Бұл мекемеде алдын ала емдеу, консультациялық – күндізгі диагностикалық бөлімдер, - жұмыс істейді.
"Шипагер - мед" емханасының бас дәрігері Ж.Шабдановна алға қойған мақсаттарына, әрі қарай дамытып жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалатынын айтты.