
Ағымдағы жылдың 18-19 тамызы ауданымызда Азаматтық қорғау күштерінің, Азаматтық қорғаудың мемлекеттік кіші жүйелерінің дайындықтарын пысықтау мақсатында «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде басқару органдарының, авариялық құтқару қызметтері және тұрғындарының іс-әрекеті» тақырыбы бойынша облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Оқу-жаттығу жиыны барысында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою бойынша нормативтік – құқықтық акітлердің орындалысы тексеріліп, арнайы-тактикалық жаттығулар іс жүзінде көрсетілді.
Жиынға Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшылық құрамы мен басқарма уәкілдері қатысты.