
Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров пен бөлім басшылары арнайы барды.
Бүгінде аталмыш ауылдарда ел игілігіне бірқатар маңызды жұмыстар атқарылып, көп жылдардан бері күн тәртібіндегі мәселелер біртіндеп шешімін тапқан. Кездесу барысында туып өскен өлкесінің гүлденуіне атсалысып, ортақ игі іске жұмыла көмектесіп жүрген елжанды азаматтардың да айшықты істері айтылып өтіп, тұрғындар барша ауқымды атқарылған жұмыстарға ақпейіл алғыстарын білдіріп, әлі де болса жолдарды жөндеу, ұялы байланыс пен сапалы интернет орнату, сондай – ақ мал союға арналған арнайы орындар салу секілді мәселелерді алға тартты. Тұрғындар тарапынан түскен мәселелердің бірқатарына аудан әкімі заңдылықтарға сәйкес жауап беріп, алдағы уақытта жұмыс жоспарына алынып, іс жүзінде іске асырылатынын айтты.