
Үстіміздегі жылдың 17 тамыз күні Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы Қарағанды облыстық филиалы және "ORKEN2018" ұйымының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қоғамның әр саласында қолданылу аясын кеңейту, ақпараттық кеңістікте мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесін арттыру, қазақша контенттер қатарын көбейтуге атсалысу, отбасында мәдени мұраны сақтау және насихаттау, қазақ халқының ұлттық құндылықтарының сақталуын дәріптеу мақсатында ауданы Ақсу-Аюлы ауылында «Тіл - қазына» жобасы аясында көшпелі семинар-тренинг өтті. Аталмыш шараға ауданның білім, мәдениет, кітапхана, балабақша, қорғау органының қызметкерлері, ауылдық округ пен кент әкімдері, мемлекеттік қызметшілер, қоғам белсенділері, жастар, нотариус мамандары қатысты. Келелі жиында Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, ҚР білім беру үздігі Қағазбаев Жаңбырбай Ахметұлы "Тіл-ұлттың жаны" тақырыбында баяндама жасаса, тіл жанашыры, қоғам белсендісі Орынбаева Эльмира Сайлауқызы "Тіл туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар" тақырыбында, Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы-Мөлдір Бақытқызы "Қазақ тіліндегі платформалар мен ІТ жобалар" тақырыбында баяндамалар жасап, қазақ тілінің әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатындағы атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасады. Семинарды Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақанова Жұпар Рысқұлқызы жүргізді. Жалпы , шара соңында жиналған жұрт атынан қоғам белсенділері, ел азаматтары-Б.Жумкин, Т.Амандықұлы тіл туралы, мемлекеттік тілдің мәртебесін қалай көтеруге болатындығы туралы ойларын ортаға салды. Әсерлі шарадан жұрт әсерленіп, рухтанып қайтты.