
Жуырда ауданымызға қарасты Өспен ауылының мәдениет үйі күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, қайта ашылуына байланысты салтанатты шара өтті. Аталмыш шарада аудан әкімі М.Мұхтаров құттықтау сөз сөйлеп, қайта жанданған мәдениет нысанына музыкалық аппаратура сыйға тартты. Шара аудандық «Зерде» бейне кешенінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, көпшілік назарына ұсынылды.
Айта кетейік, ел игілігіне пайдалануға берілген нысан қазіргі заманауи талаптарға сай құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта да аталмыш өнер ордасының өркендеуіне қажетті қолдаулар көрсетіле бермек.