
Сыбайлас жемқорлық- лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану негізінде жасалатын қылмыстық іс. Қандай бір қылмыс жасап біз тек өзімізге ғана емес еліміздің дамуына үлкен нұқсан келтіреміз. Сондықтан да біз заңның барлық талаптарын мүлтіксіз сақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіміз қажет. Бұл үшін әрбір азамат заң талаптарын жақсы білуі керек.
Осыған орай Ақсу-Аюлы ауылдық округінде "Аудандық орталықтандырылған кітапханасы", "Аудандық орталықтандырылған ауруханасы", "Шет ауданының полиция бөлімі", "Шет ауданының әкімгі" және Ақадыр кентінде "Ақадыр кенті әкімі аппараты", "Ақадыр селолық ауруханасы", "Шет ауданының санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы" мемлекеттік мекеме ғимараттарында мекеме қызметкерлеріне ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамсымен таныстыру мақсатынды тимбилдинг өткізілді. Бұл іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті “Сарыарқа адалдық алаңы” жобасының меңгерушісі спикер З.Аманғалыұлы қатысып, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі қабылданған заңнамалық өзгерістер туралы түсіндіріп өтті. Сондай-ақ тақырып бойынша қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.