«САРЫАРҚА-2022» ХХХІV ОБЛЫСТЫҚ ЖАЗҒЫ АУЫЛ СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

«САРЫАРҚА-2022» ХХХІV ОБЛЫСТЫҚ ЖАЗҒЫ АУЫЛ СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!


Ағымдағы жылдың 15 шілде күні аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылындағы орталық стадионда облыстық “Сарыарқа - 2022” спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шілде айының 13-15 күндері аралығында өткен жарыста Қарағанды облысына қарасты аудандардан 500–ге жуық спортшылар қатысып, спорттың 11 түрі бойынша «Қарағанды облысының ең үздік спорттық ауданы» атағы үшін өзара бәсекеге түскен болатын. Осыған орай, спартакиаданың жабылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Кәрсембаев спартакиада қатысушылары мен алыстан келген қонақтарға жүрекжарды лебізін білдірді. Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Н.Әшірбек жоғары деңгейде өнер көрсеткен барша командалар мен ұйымдастырушыларға ізгі лебізін жеткізіп, облыстық дене шынықтыру басқармасының алғыс хатын табыс етті.
Сонымен жарыс нәтижесіне тоқталсақ: ЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛ: І орын - Шет, ІІ орын - Ақтоғай, ІІІ орын - Қарқаралы ауданы. ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛ: І орын - Абай, ІІ орын - Шет, ІІІ орын - Бұқар жырау ауданы.
ШАҒЫН ФУТБОЛ: І орын Абай, ІІ орын Нұра, ІІІ орын Қарқаралы ауданы. ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН: І орын - Шет, ІІ орын - Бұқар жырау, ІІІ орын -Қарқаралы ауданы. ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫС: І орын - Шет, ІІ орын - Осакаров, ІІІ орын -Абай ауданы. ҚОЛ КҮРЕС: І орын - Абай, ІІ орын - Бұқар жырау, ІІІ орын -Ақтоғай ауданы. КІР ТАСЫН КӨТЕРУ: І орын - Бұқар жырау, ІІ орын - Шет, ІІІ орын - Абай ауданы. ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ: І орын - Шет, ІІ орын - Бұқар жырау, ІІІ орын - Абай ауданы. ҮСТЕЛ ТЕННИСІ: І орын - Абай, ІІ орын - Шет, ІІІ орын - Бұқар жырау ауданы. ШАХМАТ: І орын - Абай, ІІ орын - Бұқар жырау, ІІІ орын - Ақтоғай ауданы. ДОЙБЫ: І орын - Абай, ІІ орын - Осакаров, ІІІ орын - Шет ауданы. АСЫҚ АТУ: І орын - Ақтоғай, ІІ орын - Шет, ІІІ орын - Абай ауданы. БЕС АСЫҚ: І орын - Нұра, ІІ орын - Осакаров, ІІІ орын - Ақтоғай ауданы. Жалпы командалық есеп бойынша І орын - Абай, ІІ орын - Шет, ІІІ орын - Бұқар жырау ауданы.Шара барысында Облыстық «Сарыарқа» Спартакиадасының жалауын Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, және спорт бөлімінің басшысы – С.Аманжолұлы Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Серікұлына салтанатты түрде табыстады.
Марапаттау рәсімінің соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.