
Қарағанды облысының су айдындарында 2022 жылдың басынан бастап 2022 жылдың 14-ші шілдесіне дейінгі аралықта өз күштерін бағаламау, мас күйінде суға шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру және жабдықталмаған жерлерде суға шомылу себептерінен 11 адам суға батып кеткен, оның ішінде 5 бала. Барлық жағдайлар жабдықталмаған және рұқсат етілмеген жерлерде болған.
Су айдындарына суға түсушілерге төмендегідей ережелерді қатаң сақтауларыңызды сұраймын:
- суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз;
-суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз.Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті;
- Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
-Ішімдік ішкен жағдайда суға түспеңіз;
– жүрек ауруымен ауыратын адамдар суға түспеңіздер, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;
– қатты толқын кезінде суға түспеу;
– үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу;
– камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түспеу;
– салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;
– қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмау;
Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы-суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің
бастығының міндетін атқарушы
азаматтық қорғау капитаны Е.Сапаров